# BATYS BATYRY 2026 AKTAU 11 MAY

> Competition in Aqtau, Mangystau, Kazakhstan | May 11, 2026

## Overview

**Event Type:** Competition

**Description:** UWW Грэпплинг күресінен «BATYS BATYRY» республикалық ашық турнирінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Мақсаты мен міндеті

Салауатты өмір салтын насихаттау

Облыс аймағында аталған спорт түрін дамыту, спортшылардың деңгейін көтеру

Спортшылар арасында тежірибе алмасу

2. Жарыстың өту тәртібі

Жарыс ағымдағы спорттық ережелерге сәйкес өткізіледі.

Төрешілер алкасы «UWW» United World Wrestling (Біріккен әлем куресі ) ережелерін

ұстанады.

3. Қатысушы команда құрамында 1 төреші мен 1 жауапты өкіл және жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі (дәрігердің рұқсаты бар тапсырыс қағазы ) болуы міндетті.

Тапсырыс қағаздары а .ж . мамыр айының 9-дейін жіберілу керек.

Бас төреші: Ж.Қайранов +7701 3689669

Жауапты: T.Құрмантаев +7771 2240955

Хатшы: Т.Рахманберді +7776 2220498

Тапсырыс қағаздары болмаған жағдайда, командалар жарысқа қатысуға рұқсат етілмейді.

Жарысты өткізу әр салмақтағы қатысушылар санына қарай, төрешілер алқасында шешіледі.

3. Өтетін орны, уақыты

Спортшылардың жарысқа келу күні, мандаттық комиссия, медициналық бақылау,

төрешілер алқасының отырысы: 10-мамыр сағат 17:00-ден - 18:00-ге дейін.

Салмақ өлшеу 10-мамыр 15:00-17:00 « БАТЫР » СК- де. (шорты және футболкамен, командамен өтеді)

Жарыс Ақтау қаласы , 34А ш.а. Батыр СК. Жарыстың басталуы 11-мамыр 09:00

4. Салмақ категориялары, жас ерекшелігі

Жеткіншек: 2015-2016 ж .т . 10-11 жас : салмақ дәрежесі: 22, 26, 30, 34, 38, 42, 46, 46+ кг

Балалар: 2013-2014 ж.т . 12-13 жас : салмақ дәрежесі: 27, 30, 34, 38, 42, 46, 50, 55, 55+ кг

Жасөспірім: 2011-2012 ж . т . 14-15 жас : салмақ дәрежесі: 35, 38, 42, 47, 53, 59, 66, 66+ кг

Кадет: 2009-2010 ж .т . 16-17 жас: салмақ дәрежесі: 42, 46, 50, 54, 58, 63, 69, 76, 76+кг

Ересек: 18 жастан жоғары : салмақ дәрежесі: 58, 62, 66, 71, 77, 84, 92, 100, 130 кг

2 санатқа қатыса алмайды, өзінің жасына 2 салмаққа күресе алады.

Салмағында 3-аз болған жағдайда келесі салмаққа қосылатынын ескертеміз.

Жарыстан бас тартқан жағдайда, 50% пайыз жарнасы қайтарылады.

Төлем жасағаннан кейін қатысушы болып саналады.

Матыға қарсыласы келіп, өзі 2 минуттан артық шықпаған спортшы жарыстан шеттетіледі.

5. Спортшылардың бірыңғай киімі

"NO-GI" - бөлімі бойынша өтеді. Киім үлгісі: қалтасыз шолақ шалбар, рашгард, ласина (қызыл түсті және көк түсті ) болуы міндетті.

6. Жарысқа басшылық ету және ұйымдастырушылар

Жарысты ұйымдастыру Маңғыстау облысы аралас жекпе-жек спорт клубы 

Маңғыстау облысы UWW Грэпплинг күресі федерациясы басшылықтарына алады, жарысты өткізу төрешілер алқасына тапсырылады.

7. Қаражат шығындары

Жарысқа қатысушы, спортшылардың іс- сапар шығындары ( жол ақысы , тамақтану,

күнкөріс ) жарысқа жіберіп отырған мекеме есебінен. Жарысты өткізу шығындары : медаль, диплом, дәрігер ақысы , төрешілер ақысы , жарыс өтетін спорт кешенін безендіру және жарнамалау UWW Грэпплинг күрес федерациясы есебінен.

8. Марапаттау

Женімпаздар мен жүлдегер спортшылар арнайы медаль мен диплом және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Осы ереже жарысқа шақыру болып табылады.

Ерте төлеу 5 мың, стандартты 7мың, кешігу 9мың (салмақ көрсете алмаған жағдайда, келесіге ауыстыруға айыппұл 50% жарна)

Отбалылық жеңілдік, 1 отбасынан 3 н/е одан да көп қатысушы болғанда және мүмкіндігі шектеулі спортшылар 50%-төлейді,  (олар 1 отбасынан болуы және бірге төлем жасауы тиіс)

Тіркелушінің суреті 70-80% көрініп тұруы тиіс

+7778 2157931 Ұлболсын А. тіркелгеннен кейін төлем жасап, Whatsapp арқылы қатысушының аты жөні мен туған жылын жазып жібересіз.

**Status:** Scheduled

## Dates

**Start:** May 11, 2026
## Location

**Venue:** Aqtau

**Location:** Aqtau, Mangystau, Kazakhstan


## Pricing

**Price:** 14 KZT
## Links

- Registration: https://smoothcomp.com/en/event/31544
- Source: https://smoothcomp.com/en/event/31544

---

**Last Updated:** April 19, 2026

**Data Source:** BJJ.Space (https://bjj.space/events/batys-batyry-2026-aktau-11-may)
