# BORANQUL OPEN

> Competition in BEINEU, Mangystau, Kazakhstan | February 08, 2026

## Overview

**Event Type:** Competition

**Description:** [Edit](https://smoothcomp.com/en/organizer/event/21813/pages/61308)

UWW Грэпплинг күресінен «BORANQUL OPEN TOURNAMENT» аудандық турнирі

ЕРЕЖЕСІ

1. Мақсаты мен міндеті

Салауатты емір салтын насихаттау

Облыс аймағында аталған спорт түрін дамыту, спортшылардың деңгейін көтеру

Облыс құрама командасын жасақтау және спортшылар арасында тежірибе алмасу

Маңғыстау облысында Грэпплинг күресін кеңінен тарату.

2. Жарыстың өту тәртібі

Жарыс ағымдағы спорттық ережелерге сәйкес өткізіледі.

Төрешілер алкасы «UWW» United World Wrestling (Біріккен әлем куресі ) ережелерін

ұстанады.

Қатысушы команда құрамындағы спортшылардың тізімі (дәрігердің рұқсаты бар тапсырыс қағазы ) болуы міндетті.

Тапсырыс қағаздары а.ж. ақпан айының 7-дейін жіберілу керек.

Бас төреші: Жеңіс Қайранов +7701 3689669 (WhatsApp);

Жауапты: Мұхтархан Есболатов +7708 4908625 (WhatsApp)

Тапсырыс қағаздары болмаған жағдайда, командалар жарысқа қатысуға рұқсат етілмейді.

Жарысты өткізу әр салмақтағы қатысушылар санына қарай, төрешілер алқасында шешіледі.

3. Өтетін орны, уақыты

Спортшылардың жарысқа келу күні, мандаттық комиссия, медициналық бақылау 09:00

Салмақ өлшеу 7-ақпан 15:00-Боранқұл СК, Бейнеу ауданы (900грамм допуск)

15:00-15:30 ➡️ 2017-2019 ж.ж.

15:30-16:00 ➡️2015-2016 ж.ж.

16:00-16:30 ➡️2013-2014 ж.ж.

16:30-17:00 ➡️2011-2012 ж.ж.

17:00-17:30 ➡️2009-2010 ж.ж.

Төрешілер алқасының отырысы: 24-қаңтарсағат 18:00.

Турнир басталуы 8-ақпан 09:00 Боранқұл СК

4. Салмақ категориялары, жас ерекшелігі

Кіші жеткіншектер: 2017-2019 ж.ж. салмағы: 20, 24, 28, 32, 32+ кг

Жеткіншек: 2015-2016 ж.ж.: салмағы: 24, 28, 32, 36, 40, 40+ кг

Балалар: 2013-2014 ж.ж. салмағы: 30, 34, 38, 42, 46, 50, 50+ кг

Жасөспірім: 2011-2012 ж.ж. салмағы: 35, 38, 42, 47, 53, 59, 66, 66+ кг

Кадет: 2009-2010 ж.ж.: салмағы: 46, 50, 54, 58, 63, 69, 76, 76+ кг

Ересектер(2008+) салмағы: 58, 62, 66, 71, 77, 84, 92, 100, 130 кг

5. Спортшылардың бірыңғай киімі

"NO-GI" - бөлімі бойынша өтеді. Киім үлгісі: қалтасыз шолақ шалбар, ласина, рашгард (қызыл түсті және көк түсті ) болуы міндетті.

6. Жарысқа басшылық ету және ұйымдастырушылар

Жарысты ұйымдастыру "Маңғыстау облысы аралас жекпе-жек" спорт клубы

Маңғыстау облысы UWW Грэпплинг күресі федерациясы басшылықтарына алады , жарысты өткізу төрешілер алқасына тапсырылады.

7. Қаражат шығындары

Жарысқа қатысушылардың жататын орны тегін, спортшылардың іс-сапар шығындары ( жол ақысы , тамақтану ) жарысқа жіберіп отырған мекеме есебінен. Жарысты өткізу шығындары : медаль, белдік және сыйлықтар, дәрігер ақысы , төрешілер ақысы , жарыс өтетін спорт кешенін безендіру және жарнамалау UWW Грэпплинг күрес федерациясы есебінен. Жарыс өтетін спорт кешенімен қамтамасыз ету Маңғыстау облысы Дене шыныктыру, спорт басқармасы есебінен.

8. Марапаттау

Женімпаздар мен жүлдегер спортшылар арнайы медальдармен марапатталады. Үздік командалық арнайы Кубок пен қаржылай(1-ОРЫН 100.000тг 2-ОРЫН 70.000тг 3-ОРЫН 50.000тг) сыйлықтар табысталады.

Осы ереже жарысқа шақыру болып табылады.

Төлем 5 мың (салмақ ауыстыруға айыппұл 2мың)

+7708 4908625 Мұхтархан Е. тіркелгеннен кейін төлем жасап, Whatsapp арқылы қатысушының аты жөні мен туған жылын жазып жібересіз.

**Status:** Scheduled

## Dates

**Start:** February 08, 2026
## Location

**Venue:** Бейнеу

**Location:** BEINEU, Mangystau, Kazakhstan


## Pricing

**Price Range:** 8 KZT – 10 KZT
## Links

- Source: https://smoothcomp.com/en/event/29255

---

**Last Updated:** March 06, 2026

**Data Source:** BJJ.Space (https://bjj.space/events/boranqul-open)
