# NAURYZ CUP 2025 ATYRAU &quot;GRAPPLING UWW&quot;

> Competition in Atyrau, Atyrau, Kazakhstan | March 23, 2025

## Overview

**Event Type:** Competition

**Description:** UWW Грэпплинг күресінен  "NAURYZ CUP ATYRAU" Республикалық ашық турнирі

1. Жарыстың өту тәртібі

Жарыс ағымдағы спорттық ережелерге сәйкес өткізіледі.

Төрешілер алқасы «UWW» United World Wrestling (Біріккен әлем күресі) ережелерін ұстанады.

Қатысушы команда құрамында 1 төреші мен 1 жауапты өкіл және  жарысқа қатысатын спортшылардың  тізімі (дәрігердің рұқсаты бар тапсырыс қағазы) болуы міндетті.

Тапсырыс қағаздары а.ж. наурыз айының 22-не дейін жіберілу керек.

Тапсырыс қағаздары болмаған жағдайда, командалар  жарысқа қатысуға рұқсат етілмейді. Жарысты өткізу әр салмақтағы  қатысушылар санына қарай, төрешілер алқасына шешіледі. Жарысқа қатысушылардың жол бойындағы және жарыс кезіндегі жауапкершілігі команда өкілдеріне жүктелді.

2.Рұқсат етілмейтін әдістер

- Өкшеден қайыру;

- Басты бұрап қылғындыру;

- Қарсыласыңды көтеріп қара құсқа түсіріп ұру;

- Белден төмен тіземен басу;

- Бетінен саусақпен басу;

- Ауырту әдісін жасап жатқан қарсыласын ковердан сыртқа алып шығу.

3. Өтетін орны, уақыты.

Спортшылардың жарысқа келу күні, мандаттық комиссия, медициналық бақылау, төрешілер алқасының отырысы: 21 наурыз сағат 19:00-ден - 20:00-ге дейін.

Салмақ өлшеу 22 наурыз күні сағат 10:00 ден 13:00 ге дейін №4 БЖСМ-де.(Төле би 28А)

Өлшенуге міндетті түрде куәлігі мен командалық анықтама болуы тиіс.

Жарыс, Атырау қаласы, Нұрсая 28а, №5 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді.   Жарыстың  басталуы 23 наурыз, сағат 10:00-де.

Спортшылардың қайту күні 25 наурыз.

4. Салмақ категориялары, жас ерекшелігі.

23-наурыз күні күреседі:

          2018-2019 ж.т.6-7 жас:  18, 21, 24, 27, +27 кг

          2016-2017 ж.т. 8-9 жас:  23, 26, 29, 32, 35, +35 кг

          2014-2015 ж.т. 10-11 жас: 26, 30, 34, 38, 42, 46, +46 кг

24-наурыз күні күреседі:

          2012-2013 ж.т.12-13 жас: 30, 34, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 60+ кг

          2010-2011 ж.т. 14-15 жас: 35, 38, 42, 47, 53, 59, 66, 66+ кг

          2008-2009 ж.т. 16-17 жас: 42, 46, 50, 54, 58, 63, 69, 76, 76+ кг

5. Спортшылардың біріңғай киімі

"NO-GI" бөлімі бойынша өтеді. Киім үлгісі: қалтасыз шолақ шалбар, рашгард, (қызыл түсті және көк түсті) болуы міндетті.

6. Жарысқа басшылық ету және ұйымдастарушылар

Жарысты ұйымдастыру Атырау облысы UWW Грэпплинг күресі федерациясы  басшылықтарына алады, жарысты өткізу төрешілер  алқасына  тапсырылады.

7. Марапаттау

Жеңімпаздар мен жүлдегер спортшыларға арнайы сыйлықтар, диплом мен медаль  және командалық кубок табысталады.

Бас төреші: Ермуханов Айбар 87782970396 (WhatsApp);

Жауапты: Ищан Азат 87782149679 (WhatsApp)

Осы ереже жарысқа шақыру болып табылады.

Стандартты тіркелу

 9-наурызбен 16-наурыз аралығы : 8000 тг, тіркеліп болғаннан кейін осы номерге 7750570841 Амалия. А төлем жасалу керек.

Кешігіп тіркелу

17-наурызбен 21-наурыз аралығы : 10000 тг, тіркеліп болғаннан осы номерге 7750570841 Амалия. А төлем жасалу керек.

Салмақ өлшеу күні ;⤵️

(Спортшының салмағы асып тұрса немесе басқа салмаққа  ауысу үшін  айыппұл төленеді 2000 тг)

Егер спортшы сайтта расталғаннан кейін (подтверждение берілгеннен кейін) белгілі бір жағдайлармен жарысқа қатыса алмайтын болса,спортшының ақшасы  қайтарылған жағдайда 2000 тг айыппұл болады.

Әрбір жарысқа қатысушы спортшы тіркелгеннен кейін, төлем жасап, Whatsapp арқылы 8775 0570841 номеріне чекті жіберіп, аты жөні, салмақ категориясы мен жас ерекшелігін жазып жіберу міндетті.

**Status:** Scheduled

## Dates

**Start:** March 23, 2025
## Location

**Venue:** Atyrau

**Location:** Atyrau, Atyrau, Kazakhstan


## Pricing

**Price:** 16 KZT
## Links

- Source: https://smoothcomp.com/en/event/23292

---

**Last Updated:** March 06, 2026

**Data Source:** BJJ.Space (https://bjj.space/events/nauryz-cup-2025-atyrau-grappling-uww)
